Жыл соңына дейін еліміздің қалған үш өңіріне суға қатысты сараланған тарифтер енгізіледі - Н. Алдабергенов
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің қалған үш өңіріне суға қатысты сараланған тарифтер енгізіледі.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Тарифтік саясаттағы энергияны үнемдеу» тақырыбында өткен Үкімет сағатында ұл туралы Үкіметтің отырысы барысында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов осылай мәлім етті.
«Ағымдағы жылдың наурыз айында сумен жабдықтау қызметтеріне сараланған тарифтерді енгізуді көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізілген болатын. Соған сәйкес, қазіргі уақытта сумен жабдықтау қызметтеріне тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер еліміздің 13 өңіріне енгізілген. Ал ағымдағы жылдың соңына дейін республиканың қалған үш өңіріне, атап айтқанда Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау облыстарына сараланған тарифтер енгізу қамтамасыз етіледі», деді агенттік төрағасы.
Оның айтуынша, суды пайдалануға қатысты енгізілген сараланған тарифтер нәтижесінде су арналарының табыстары 13,2 млрд. теңгеге өкен. Бұл ретте суды үнемдеу 10 пайызға дейін жеткен және ол 33,3 млн. текше метрді немесе 1,67 млрд. теңгені құраған.