Жыл соңына дейін халықтың компьютерлік сауаттылығы 50 пайызға дейін артады

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Ағымдағы жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары және оның барлық өкілдіктері, сонымен қатар мектептерде, университеттерде әрі басқа да білім беру ұйымдарында компьютерлік сауаттылық дағдыларын сертификаттау жүйесін енгізу мәселелерін әзірлеуге Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарды тарту арқылы оқытуды жалғастыру есебінен 50 пайыздың тосқауылды еңсермекпіз», - деді ол.
Сонымен қатар барлық мемлекеттік органдармен және ұлттық компаниялармен халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша сәйкесінше іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарлануда.
Министрдің алға тартқан деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта халықтың компьютерлік сауаттылығы 43,7 пайызды құрап отыр.