Жыл соңына дейін Қазақстанда 15 спорттық ғимарат пен 16 алаң салынып бітеді - Елсияр Қанағатов

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Желтоқсан айында республикада 15 спорттық ғимарат және 16 спорттық алаң пайдалануға беріледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихатында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов айтты.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметтері бойынша, олардың дені «Сергектік» республикалық іс-шарасы аясында 4 желтоқсан күні елдің бірқатар облыстарында, Астана, Алматы қалаларында ашылмақ.

Мысалы, Алматы облысының Алакөл ауданы Үшарал қаласында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасы, Іле ауданы Өтеген батыр кентінде стадион, Атырау облысында Индер, Балықшы, Геолог, Ганюшкино кенттерінде спорт кешендері ашылады деп жоспарланған. Ел тәуелсіздігі мерекесіне орай, 16 желтоқсан күні Астанада теннис орталығы салынып бітеді.

«Биыл елімізде көптеген спорт алаңдары мен нысандар салынды. Жыл басынан бері 24 нысан пайдалануға берілді. Егер спорттық кешендер көптеп салынатын болса, бұқаралық спорттағы халықтың саны көбейеді», - дейді Е. Қанағатов.

Атап айтқанда, биыл Қызылордада теннис орталығы және Шиелі кентінде спорттық-сауықтыру кешені ашылды. Сонымен қатар Қарағанды облысында да осындай екі спорттық-сауықтыру кешені тұрғызылды. Елбасының қатысуымен Шымкент қаласында жеңіл атлетика орталығы, Қарағандыда мұз сарайы мен теннис корты ел игілігіне беріліп отыр.

Соңғы жаңалықтар