Жыл соңына дейін мамандандырылған ХҚКО-лар ашылатын қалалар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Қазақстанда халыққа қызмет көрсету бойынша 4 мамандандырылған орталық ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлім етті.
None
None

«Жыл соңына дейін Павлодар, Петропавл, Қызылорда және Талдықорған қалаларында мамандандырылған орталықтарды ашу жоспарланып отыр. Ал алдағы жылы Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында іске қосылмақ», - деді С. Сәрсенов «Нұр Отанда» өткен «Мемлекеттік басқару жүйесі» бағыты бойынша сарапшылық топтың отырысында.

Атап айтқанда, автокөлік құралдарын тіркеу саласындағы Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған орталықтар Қарағанды, Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс істеп жатыр. Агенттіктің мәліметінше, мамандандырылған орталықтар 85 мың жүргізуші куәліктерін беріп, 499 мыңнан астам көлік құралдарын тіркеу есебінен шығарды.

Соңғы жаңалықтар