Жыл соңына дейін үлестік құрылыстың 77 нысаны тапсырылады

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жыл соңына дейін үлестік құрылыстың 77 нысаны тапсырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй саясаты департаментінің директоры Василий Маслов мәлім етті.

Оның айтуынша, дағдарысқа дейін, яғни 2007 жылдың қыркүйегінен бастап 450 құрылысы аяқталмаған үлестік нысан болған. Биылғы жылдың басында бұндай үйлердің саны 97-ні құрады. Осының ішінде 77 нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек, сондай-ақ қалғанының құрылысы алдағы жылы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар