Жыл соңына қарай экономиканың дамуы баяулайды - Forex club компаниясы тобының Украинадағы ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әлемдік экономиканың дамуына болжам жасайтын болсақ, жыл соңында өсім біршама баяулайды. Оны Forex club компаниясы тобының талдаушылары бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алғашқы жартыжылдықта экономиканың өсу қарқыны Украинада 6 пайыз, Қазақстанда 8 пайызды құрады. Бәсекеге қабілеттік жағынан Қазақстан алда келе жатыр. Өсім қарқыны жағынан да, экономиканы ұйымдастыру жағынан да", дейді Forex club компаниясы тобының Украинадағы ақпараттық талдау тобының жетекшісі Николай Ивченко. Оның айтуынша, экономиканың өсуіне негізгі салалардың баяулауы әсер етеді. Мәселен, сұраныстың кемуінен Украинада металлургия 14,8-ден 11,5 пайызға, химия және мұнай химиясы 20,8-ден 15,4 пайызға, машина жасау 31,3-тен 25 пайызға, жүк тасымалы 12,5-тен 9 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Ал Қазақстанда өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші салаларында, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында өндіріс қарқыны баяулауы жоспарлануда. Соның әсерінен Қазақстанның жалпы ішкі экономикасы 8-ден 5 пайызға кемуі мүмкін. Бұған экспорттың шикізаттық бағытта болуы түрткі болады.

Соңғы жаңалықтар