Жылан қолтырауынды тұншықтырып, жеп қойды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Маунт-Айза қаласының тұрғындары Квинсленд көлінің жағасында жылан мен қолтырауын арасында болған айқасты көзбен көрді. Бір қызығы, алып қолтырауын жыланнан әлсіз екендігін көрсетті. Жылан қолтырауынды тұншықтырып, оны жеп қойды, деп хабарлады Guardian.

Жылан қолтырауынды тұншықтырып, жеп қойды - ВИДЕО

Бұл қауіпті шайқасты табиғатта таңғы асын ішіп отырған жергілікті тұрғын Тиффани Корлис түсіріп алған. Мерт болған қолтыраруынның ұзындығы небәрі бір метрді құрады. Жыртқыш жылан өзінің қарсыласын денесімен орап алып, өлгенше тұншықтырған.

«Қолтырауынды тұншықтарғаннан кейін жылан оның мәйітін жей бастаған. Мен өз көзіме өзім сене алмадым: ол сондай үлкен бөліктермен оны жұта бастады», - деді Тиффани Корлис.

Қолтырауырынды жеп болғаннан кейін, жылан бірнеше сағат бойы қозғалмастан жатқан.