Жыландар басып алған ауыл мектебі уақытша жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош облысы, Алай ауданында жыландар көптеп ұшыраса бастағандықтан, орта мектептердің бірін жабуға тура келді. Бұл туралы Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Жыландар басып алған ауыл мектебі уақытша жабылды

Аталмыш ТЖМ мәліметінше, Биринчи май ауылының Орозов атындағы орта мектебінде бірнеше күн ішінде адамдар 30 шақты жыланды көрген. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығына қауіп төнбеу үшін мектепті уақытша жабуға кеңес берілді.

Енді ТЖМ мамандары аталған аумақты толық тексерген соң ғана шамамен 140 оқушы оқитын мектеп оқу бағдарламасын жалғастыра алады.