Жылда су алып кететін Момышұлы көшесінің проблемасы биыл шешіледі – елорда әкімдігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі астанада бір түнде жаңбырдың жарты айлық мөлшері жауғаны туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидрометтің мәліметінше, маусының 15-нен 16 қараған түні

Сондай-ақ «Жастар» шағын ауданында (Тәшенов және Амман көшелерінің қиылысында) жеткізуші коллекторларды қайта жаңартуға байланысты тазарту қондырғыларының жұмысы жүргізіліп жатыр. «Жастар» шағын ауданындағы жаңа қондырғылардың қуаты тәулігіне 42 мың текше метрден асады. Бұл жауын-шашын кәріздерінің өткізу қабілетін едәуір жақсартады.

«Бұл тазарту қондырғылары Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даңғылындағы тасқын судың алдын алады. Өйткені құрылғы жерастын орнатылып, ал үстінде гүлзар салып, шағын сәулет мүсіндері орнатып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу көзделген. Құрылысты 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2019 жылы жауын-шашын кәріздері мәселесі «Мыңжылдық» аллеясы ауданындағы екі аумақта толықтай шешілген еді», - деп толықтырды әкімдік.

Жалпы қала әкімдігі су алып кете беретін Бауыржан Момышұлы көшесіндегі проблеманы осыдан екі жыл бұрын шешуге уәде берген еді. Әйтсе де одан бері де «қайық жүзген» көшені тағы бірнеше рет су басып қалған болатын.
Ал осы жылдың мамырында даңғылдағы проблеманың шешімін тапқанын жария етіп, «енді қайық көшедегі суға жүзбейтініне» сендірген болатын.













