Жылдамдықты сағатына 173 шақырымнан асырған жүргізушіге аса қомақты айыппұл салынды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Дендермонде қаласындағы сот 47 жастағы бельгиялық азаматты жылдамдықты сағатына 173 шақырымнан асырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырды,
None
None

деп хабарлайды Belga агенттігінен. Оған бес жыл бойы көлікті жүргізуге тыйым салынды, алайда бұл мерзімнің жартысы шартты жаза болып табылады, деп жазады Wort газеті. Сот төрешісі максималды болуы мүмкін жазаны таңдады.

Сондай-ақ жүргізуші 4,4 мың еуро көлеміндегі айыппұл төлеуге міндетті.

Жүргізушіні YouTube -та жарияланған ролик арқылы тапты. Онда ол Aston Martin көлігін жүргізе отырып, сағатына 293 шақырымға дейін жылдамдықты арттырған. Бұл оқиға Гент және Антверпенді қосатын еуропалық Е17 көлік жолында, Васмюнстер қаласына жақын жерде болды.

Бейнежазбаны жолаушылар креслосында отырған 16 жастағы жасөспірім жасады. Ал ғаламторға оны салдарын ойламаған жүргізушінің өзі салған.

Соңғы жаңалықтар