Жылдың басынан бері Алматы полицейлері іздеудегі 400-ден астам қылмыскерді ұстады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Жылдың басынан бері Алматы полицейлері іздеудегі 400-ден аса қылмыскерді ұстады. Оның 151-і ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы полицейлері аймақтық және жақын шетелдік әріптестермен тығыз жұмыс істейді. Жыл басынан бері біз олардың іздеуінде тұрған 244 қылмыскерді ұстауға көмектестік. Мысалға, бірнеше ірі алаяқтық істер үшін Чебоксары қаласы полициясының іздеуінде болған 59 жастағы ер адамды ұстап бердік", деді Алматы қаласының ІІД-нің Криминалды полиция басқармасының іздеу бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Вадим Стрельцов.

Оның айтуынша, ол Қазақстанда туғандықтан, оның осында болуы мүмкін деген болжам болды. "Қазір жүргізіліп жатқан тексеруден кейін ол Ресейге қайтарылатын болады. Алматы ірі қала болғандықтан, көптеген қылмыскерлер осында із жасыруға тырысады. Дегенмен, олардың көпшілігі жасаған қылмыстары үшін ерте ме - кеш пе, түбінде ұсталып жауап береді", деді Вадим Стрельцов.

Соңғы жаңалықтар