Жылдың ең басты жетістіктерінің бірі - жұмыссыздық бақылауда болды - Үкімет басшысы

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылдың ең басты жетістіктерінің бірі, Қазақстанда жұмыссыздық бақылауда болды. Елімізде жұмыс орындарын жаппай қысқартуға жол берілмеді.  Бұл туралы бүгін Астанада бұқаралық ақпарат құралдарымен болған брифингте Үкімет басшысы  Кәрім Мәсімов мәлім етті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер 2009 жылдың нәтижелері жайлы айтатын болсақ, халықты ішкі жалпы өнімнің өсімі соншалықты қызықтырмайды. Адамдарды ең алдымен жұмысы бар ма, жоқ па осы мәселе алаңдатады. Менің ойымша, 2009 жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің әкімдіктермен бірлесіп  атқарған күш-жігерінің арқасында жұмыссыздық бақылауда болды. Біз ірі кәсіпорындармен жұмыс орындарын қысқартпау туралы келісімге келдік. Таза нарықта бұл дұрыс емес те шығар. Алайда олар толыққанды жұмыс аптасын сақтады. Біз жаппай қысқартуды көргеніміз жоқ», деді брифингте Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуынша, «Жол картасы» бағдарламасы аясында 150 мың жұмыс орны құрылып, кадрлар қайта оқытылып, даярланды. Премьер-Министрдің айтуынша, жыл басындағымен салыстырғанда, елімізде азық-түлік тағамдарының бағасы өсті. Алайда, Үкімет бағаның айтарлықтай шарықтауына жол берген жоқ. «Біз инфляцияның өсіміне жол бермедік. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2009 жылы инфляция 6,3 пайызды құрайды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең төменгі инфляция», деді К. Мәісмов.

Соңғы жаңалықтар