Жылдың көрнекті әйелдерінің тізіміне Бейонсе мен Ким Кардашьян енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың ең көрнекті әйелдерінің тізімін актриса Эмма Уотсон бастады, деп хабарлады Росбалт AskMen сайтына сілтеме жасап.
None
None

Гарри Поттер туралы фильмдер жұлдызы және БҰҰ ізгі ниет елшісі екінші және үшінші орындарға ие болған Ронда Роузи мен тележүргізуші Ким Кардашьян сияқты бәсекелестерінен суырылып алға шықты.

Рейтингіге киноиндустрия, шоу-бизнес, спорт, ғылым және басқа да салалардағы 99 танымал әйел кірді. Топ-парағын ерлерге арналған интернет-порталдың редакциясы әртүрлі салалардағы сарапшылармен кеңесе отырып және оқырмандар сауалдамасы арқылы құрастырған. Негізгі өлшем ретінде редакторлар "Қай әйел біздің өмірімізге күшті ықпал етеді?" деген сұрақты алған.

Рейтингінің төртінші жолында әнші Тейлор Свифт, одан төмен - шаңғышы Линдси Вонн орналасқан. Theranos компаниясының басшысы және әлемдегі әйелдер арасындағы ең жас миллиардер Элизабет Холмс рейтингіде алтыншы орынға шықты, одан кейін супержұлдыз Бейонсе келеді. Ондықтың соңғы үштігін құқық қорғаушы және танымал актердің зайыбы Амаль Клуни, актриса Дженифер Лоуренс және теннисші Серена Уильямс тұйықтаған.

Рейтингімен толығырақ AskMen сайтында танысуға болады.

Ең көрнекті әйелдер тізімін интернет-портал редакциясы тұңғыш рет жасап отыр. Бұдан бұрын AskMen жыл сайын ең сұлу әйелдер тізімін дайындап келген еді. Оқырмандар 2014 жылғы ғаламшардың ең сұлу да тартымды әйелі деп британдық актриса Эмилия Кларктың есімін атады.

Соңғы жаңалықтар