Жылдың соңына дейін әлем бойынша 1 миллиард ағаш отырғызылады

НЬЮ-ЙОРК. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - «Миллиард ағаш» науқанын ұйымдастырушылар 2009 жылдың желтоқсан айында Копенгагенде өтетін климаттың өзгеруі бойынша халықаралық конференцияға дейін - 1 миллиард түп ағаш отырғызу туралы жаңа мақсат қойып отыр,

Жылдың   соңына  дейін  әлем  бойынша 1 миллиард ағаш отырғызылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ғаламшарды көгалдандыру жөніндегі шара аясында осы уақытқа дейін 3 миллиардтан астам ағаш отырғызылды. Жеке тұлғалар мен компаниялар, қоғамдық ұйымдар мен әлем елдерінің үкіметтері қосымша тағы 1,5 миллиард ағаш отырғызуды өз мойындарына алып отыр. Бұл науқанға атсалысушы елдердің арасында бірінші орынды Эфиопия алады, онда 750 миллион ағаш отырғызылған. Одан кейінгі орындарда ? 700 миллиондай ағаш отырғызған Түркия, 472 миллиондай ағашпен Мексика, 140 миллион тал еккен Кения және 137 миллиондай түп тиесілі Куба тұр. БҰҰ-ның Қоршаған орта бойынша бағдарламасы (ЮНЕП) бұл жаһандық шараны 2004 жылғы Нобельдік әлем сыйлығының лауреаттары Вангари Маатаи мен Монако Князьдығының бекзадасы ІІ Альберттің қамқорлығымен жүргізуде. Ағаштар отырғызу климаттың өзгеруімен және жаһандық жылымықпен күресудің ең оңтайлы тәсілі болып табылады, деп санайды ЮНЕП-тегілер.