Жылдың соңына дейін әлемде жұмыссыздар саны 40 миллион адамға артады
НЬЮ-ЙОРК. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Халықаралық еңбек ұйымы әлемдік қаржы және экономикалық дағдарыстың еңбек нарығына тигізіп отырған әсері туралы баяндама әзірледі. Ұйымның болжамынша, 2009 жылдың соңына дейін жұмыссыздардың саны 40 миллион адамға артады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Баяндама авторларының айтуынша, төрт жыл бойғы қысқартулардан кейін, өткен жылы жұмыссыздардың саны 11 миллионға жеткен. «Ағымдағы үрдіс ұзаққа созылатын түрі бар», - дейді сарапшылар. Өткен жылдардың рецессиялары көрсетіп отырғандай, жұмыспен қамту үрдісі экономика түзелгеннен соң 4-5 жылдан кейін қалпына келе бастайды.