Жылдың үздік қақпашысы анықталды

АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол тарихы мен статистика ұйымы (IFFHS) жылдың ең үздік қақпашысын жариялады, деп жазады alaman.kz.

Жылдың үздік қақпашысы анықталды

Қорытынды бойынша, «Бавария» голкипері Мануэль Нойер өткен жылдың үздік қақпашысы атанды - 221 ұпай.

Екінші орында Джанлуиджи Буффон (78), үздік үштікті «Челси» голкипері Петр Чех (64 ) қорытындылаған.

Одан кейінгі орында Тибо Куртуа (Бельгия, «Атлетико» Мадрид - 54 ұпай), Виктор Вальдес (Испания, «Барселона» - 53), Икер Касильяс (Испания, «Реал» - 23), Сальваторе Сиригу (Италия, «ПСЖ» - 5) тұр.