Жылқыларға арналған мұражай
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Еуропаның ортасында орналасқан Вена қаласында жылқыларға арналған мұражай бар. Штальбург сарайында орналасқан мұражай мүсіні келіскен, өте сирек кездесетін испандық сәйгүлік тұқымына арналған. Липициан жылқылары XVI ғасырда Испаниядан әкелінген.
Ертеректе бұл жерде австриялықтар атқа отыруды үйренген. Бертін келе бұл орын мұражайға айналған.
Мұражайда сирек кездесетін жылқылар бейнеленген суреттер, қылқалам шеберлерінің туындылары, фотосуреттер қойылған. Сонымен қатар мұнда липициан жылқылары туралы кино көрсетіледі екен.
Ал жексенбі күндері мұнда сәйгүліктердің қатысуымен театрландырылған қойылымды тамашалауға болады, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.