Жылқының алғаш қазақ даласында қолға үйретілгенін барша әлемге көрсетеміз - канадалық режиссер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылқыны алғаш қолға үйрету Қазақстан аумағында басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында канадық режиссер, антрополог Найоби Томпсон мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылқының алғаш қазақ даласында қолға үйретілгенін барша әлемге көрсетеміз - канадалық режиссер

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК Clearwater Documentary Inc. компаниясымен бірлесе отырып, «EQUUS» (Жылқы) атты деректі триологиясы жобасын бастамақ.
null  

«Жылқы малы алғаш рет қазақ даласында қолға үйретілгенін жақсы түсініп отырмыз. Осы орайда Ботай қонысындағы бірегей қазба жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, Қазақстан аумағында ең алғаш жылқы жануарына ноқта салынғаны туралы дәлелдер бар. Бізде деректі триология арқылы осы тарихи деректерді егжей-тегжейлі барша әлемге көрсетуге бірегей мүмкіндік бар»,-деді Найоби Томпсон.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы деректі трилогияға төрт мемлекет өкілдері қатысады. Яғни Канада, АҚШ, Франция және Германия қамтылып отыр. Бұл елдерден де төрт телекомпания өз үлестерін қосады. Бірлескен жоба 2018 жылы аяқталып, көпшілік назарына ұсынылады.