Жылу бағасы 4 қалада өсіп отыр

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2014 жылдан бастап Қазақстанның 4 қаласында жылу тарифтері 3-тен 7 теңгеге дейін жоғарылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

Жылу бағасы 4 қалада өсіп отыр

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу энергиясының тарифі 4 қалада өзгерді, 1 шаршы метр үшін төлемақы 3 теңгеден 7 теңгеге дейін өсті. Мысалы, Астана қаласында қаңтар айынан бастап жылу энергиясы бойынша 1 шаршы метр үшін төлемақы 7 теңге 30 тиынға өзгерді, яғни 91,22 теңгеден 98,51 теңгеге өсті», - деді ол. Жылумен жабдықтау тарифтерінің ұлғаюына көмір құнының 7,9%-ға өсуі себеп болып отыр. Сонымен қатар мазут тарифтік сметада 1 тонна үшін 2973 теңгеге, яғни 29 170-тен 32 143 теңгеге дейін немесе 10,2 %-ға қымбаттады. Жылу нысандарында қызмет ететін жұмысшылардың да жалақылары өскен. Орташа жалақы 10722 теңгеге немесе инфляция деңгейіне 73996-дан 84718 теңгеге дейін көтерілген.