Жылу беру маусымы басталғанан бері еліміздің инженерлік желілерінде 361 апат орын алды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жылу беру маусымы басталғанан бері еліміздің инженерлік желілерінде 361 апат орын алды.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Құрылыс ісі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық агенттігі төрағасының орынбасары Жандос Әкімжанов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, аталған апаттардың 330-ы сумен жабдықтау желісінде, 31-і жылумен жабдықтау желісінде орын алған. Сонымен қатар қуаты 100 Гкал/сағатқа жететін қазандықтардың 7 мәрте тоқтауы тіркелген.

«Халықты жылумен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді жедел шешу үшін әкімдіктерге ұсынылған ақпараттардың шынайылығына назар аудару және агенттікке дер уақытында хабар беруі қажет деп санаймын. Толықтай алғанда әкімдіктердің орын алған апаттық жағдайларды уақытылы жойып отырғандығын атап өткен орынды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар