Жылу беру маусымына дайындалмаған әкімнің орынбасарларын жазалау керек - Наталья Годунова

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіпкерлік кодекстің қолданыстағы шектеулері энергия нысандарын толыққанды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Жылу беру маусымына дайындалмаған әкімнің орынбасарларын жазалау керек - Наталья Годунова

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында жылумен жабдықтау саласындағы аудиторлық іс-шараның қорытындысын талқылау кезінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылу беру маусымына дайындық кезінде энергия объектілеріне тікелей баруды ескеретін тексерулер жүргізу бөлігінде Кәсіпкерлік кодекстің қолданыстағы шектеулері энергия нысандарын толыққанды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бақылау мен қадағалауды жүргізудің жалпы тәртібінен жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды шығару қажет деп санаймыз (Кәсіпкерлік кодекстің 129-бабы)», - деді Н. Годунова.

Оның пайымынша, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте жылу беру маусымына дайындықты тиісті деңгейде жүргізбеу және дайындық барысындағы заңсыздықтар үшін лауазымды адамдардың (әкім орынбасарынан төмен емес) және энергетика нысандары бірінші басшыларының жауапкершілігін регламенттеу керек.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жоғары аудиторлық палата жылымен жабдықтау саласында қаражатты тиімсіз игеру деректерін анықтады.

Жылу беру саласындағы мемлекеттік реттеу бірнеше мемлекеттік органға жүктелгендіктен, жылу энергетикасын дамытуда жүйелі тәсіл жоқ.