Жылу беру маусымында нысандарға мазут жеткізуде проблема болмайды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жылу беру маусымында нысандарға мазут жеткізуде проблема болмайды. Бұл туралы бүгін селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Жылу  беру маусымында нысандарға мазут жеткізуде проблема болмайды

Министрдің сөзіне қарағанда, 396 мың тонна көлеміндегі мазут еліміздің облыстары бойынша тиісті көлемде бөлінді. Сондай-ақ тиісті баға деңгейі де бекітілді. «Қазіргі кезде экспорттық жеткізілімдерді есептей отырып, нарықтық баға тоннасына 45 мың теңгеге жуық көлемде қалыптасты. Біз тоннасына 32 мың теңге шекті бағаны айқындадық»,-деді С. Мыңбаев.

Осы орайда ол бүгінде тиісті баға белгіленгенін, сондай-ақ мазут көлемі де қамтамасыз етілгенін айтып өтті. «Атап айтқанда, мазут уақытында жеткізілетін болады. Яғни, мазутпен қамтамасыз ету тұрғысында ешқандай проблема болмайды»,-деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.