Жылу көздері мен инженерлік желілерді жылу маусымына дайындау жұмысына биыл 6,9 миллиард теңге жұмсалды - Ахметжан Есімов

АЛМАТЫ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Қазір Алматыда көп қабаттты тұрғын үйлердің 26 пайызы ғана жалпыүйлік есептеу құралдарын орнатқан.

Жылу көздері мен инженерлік желілерді  жылу маусымына дайындау жұмысына  биыл  6,9 миллиард теңге жұмсалды - Ахметжан Есімов

Бұл туралы бүгін тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, қысқы жылу маусымына дайындық пен  қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған алқалы жиында айтылды.

«Үйаралық желі мен құрал-жабдықтарды  жыл маусымына дайындау заң бойынша жеке пәтер иелері кооперативтерінің міндеті. Өткен жылу  маусымының тәжірибесі кейбіреулердің оған салғырт қарағанын көрсетті. Оған кәсіпқой емес мамандар тартылып, үй аралық желілерде айтарлықтай жылу жоғалып, пәтерлерде  қажетті жылу болмады», - дейді қала әкімі Ахметжан Есімов.

Елбасы тапсырмасы бойынша «Энергия үнемдеу және энергиялық тиімділік туралы» заң қабылданған болатын. Оның нормаларының бірі шілде айынан бастап міндетті жалпы үйлік есептеу құралын орнату. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығы бойынша 1 қыркүйектен бастап есептеу құралы  жоқ тұтынушылар үшін мөлшерлеме  20 пайыз жоғары болады. А.Есімов: «Қазір бізде көбі есептеу құралын әлі орнатқан жоқ. Ондағы тиімділік 20 пайыздан 2-3 есеге дейін жетеді. Бүгінгі таңда көп қабатты тұрғын үйлердің  26 пайызы ғана оны орнатқан. Қалалық бюджеттен жалпыүйлік есептеу құралын орнату үшін 250 млн. теңге бөлінді. Өз қаржыларыңыздан орнатам десеңіздер өз еркілеріңізде. Дегенмен құзырлы органдар мен аудандық әкімдік жұртшылық арасында оны түсіндіру жұмыстарын әлі де жандандыра түсу қажет», - дейді.