Жылу жинаумен күрес: Мектептер бюджетті ашық көрсетуге міндеттелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мектеп директорларын бюджетті ашық көрсетуге үндеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаевтың айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы бері мектептерде ата-аналардан ақша жинауға қатысты арыз-шағымдар көптеп түсуде. Осыған байланысты агенттік пен министрлік нақты ұсыныстарды әзірледі.

«Біз мектеп басшылары мен жергілікті билікке бір апта беріп отырмыз. Осы уақыттың ішінде олар өз бюджеттерін ашық көрсетуге міндетті. Бүгінде кейбір мектептер өз бюджеттерін жариялады. Осы тәжірибені барлығына таратуымыз қажет. Ата-аналар мектептің нөмірі мен атауын енгізіп, ғаламтор арқылы өз мектебінің бюджетін көріп отыру тиіс. Соның бәрін ашық жариялау қажет», - деді Д.Сабырбаев Астанада өткен шарада. 

Айта кетейік, бүгін  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мектеп директорларына ескерту жасады. Себебі бүгінде сан алуан тестілер үшін мектеп оқушыларынан ақшаны жиі жинайды.

«Біз ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық шаралары жайында айтып отырған жоқпыз. Ондай тестілерді 10-11 сыныптарда өткізеді. Алайда, бүгінде кейбір дайындық тестілерін 9-сыныптан, тіпті 4-сыныптан бастап ұйымдастырып жатады. Сол үшін ақша жинайды. Біз кімнің және қалай ақша жинайтынын білеміз. Бірақ алдын ала ескерту жасап отырмыз. Ондай кәсіп - заңсыз. Ақша жинау тыйылмаса, тиісті шараларды қолға аламыз» , - дейді Д.Сабырбаев. 

Соңғы жаңалықтар