Жылуға артық төлеген қазақстандықтардың 489 млн теңгесі қайтарылады
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстанның барлық өңірлері бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізді.
«Жұмыс табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілген болатын, оның қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2022-2023 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2022 жылдың соңына дейін) қаражатты есептеуді қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады.Өткен 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырыпжалпы сомасы489 950 250 теңгеге қайта есептеу жүргізген»,- делінген хабарламада.
Оның ішінде:
Алматы қаласы бойынша – 40 935 520 теңге;
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 1 755 990 теңге;
- Шымкент қаласы бойынша – 27 698 240 теңге;
- Алматы облысы бойынша – 9 284 560 теңге;
- Ақмола облысы бойынша – 20 338 930 теңге;
- Атырау облысы бойынша – 8 275 780 теңге;
- Ақтөбе облысы бойынша – 20 185 000 теңге;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 186 251 070 теңге;
- Жамбыл облысы бойынша – 16 585 480 теңге;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 786 580 теңге;
- Қарағанды облысы бойынша – 81 306 480 теңге;
- Қостанай облысы бойынша – 4 449 030 теңге;
- Қызылорда облысы бойынша – 38 824 760 теңге;
- Павлодар облысы бойынша – 3 138 510 теңге;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 26 648 420 теңге;
- Түркістан облысы бойынша – 3 485 900 теңге қайтарылмақ.
Бұл ретте Маңғыстау облысының тұтынушылары үшін қайта есептеу болмайды, себебі жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын есепке алуға сәйкес жүргізілген.