Жылуға төленген ақша тұтынушыларға қайтарылатын болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ЭҰМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тұтынушыларға жылу құнын қайта есептеуді жүргізеді. Қайта есептеу жыл сайын жылыту маусымының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен. Бұл жылуға арналған тариф, оның ішінде «көше» температурасы болжамының негізінде жылудың жоспарланған көлемінен шыға келе қалыптастырылатынына байланысты.
Өткен жылыту кезеңі үшін (2014 - 2015 жылдар) тұтынушыларға ақша қайтарылады, себебі «жылы» қыс жағдайында жылу шығыны болжамды (есептік) шығыннан едәуір аз болды.
Мысалы:
Өңір
Сыртқы ауаның іс жүзіндегі температура сы
Есепті температура
Тұтынушыларға қайтару сомасы
Алматы қ.
0,33 °С
-1,8 °С
347 млн. теңге
БҚО
-3,94 °С
-6 °С
17 млн. теңге
С Қ О
-5,12 °С
-8,6 °С
31,2 млн. теңге
ШҚ О
-5,9 °С
-7,5 °С
99,4 млн. теңге
Тұтастай алғанда, жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушыларға 963 ,5 млн. теңге сомасында ақшалай сома қайтарылады:
Р/с №
Өңір
Жылыту маусымы - 2014-2015 жж .
Халыққа қайтару теңге/м2
Өңір бойынша халыққа жалпы қайтару (теңге)
1
2
3
4
1
Алматы
33,18
347 018 294
2
Алматы облысы
10,43
26 606 224
3
Атырау облысы
6,50
10 014 391
4
Ақтөбе облысы
3,71
12 673 497
5
Ақмола облысы
14,3
30 478 790
6
Жамбыл облысы
3,9
12 663 913
7
Батыс Қазақстан облысы
8,52
17 080 435
8
Шығыс Қазақстан облысы
22,07
99 355 915
9
Қостанай облысы
49,20
219 645 934
10
Қарағанды облысы
8,42
54 191 262
11
Қызылорда облысы
14,10
21 205 820
12
Солтүстік Қазақстан облысы
11,02
31 246 999
13
Павлодар облысы
9,59
48 481 033
14
Оңтүстік Қазақстан облысы
9,65
32 772 978
ЖИЫНЫ :
963 435 485
Тұтынушылар өз тұрғын үйі ауданы жалпы көлемін м2 үшін жылу құнына (3-бағанның деректері) көбейту арқылы өз бетінше есептей алады.
Мысалы, Ақмола облысында алаңы 52 ш.м. пәтер иесіне шамамен 750 теңге (52 х 14.3 = 743,6) қайтарылатын болады.
Жылу энергиясына ақы төлеуді қайта есептеу келесі 2015-2016 жылдардағы жылыту маусымының басында жүзеге асырылады. Әрбір тұтынушы өзінің коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы түбіртегінде қайтарылған соманы «көретін болады».