14:29, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Жылыну құбылысы аязды күндерді еселей түспек
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Арктикадағы жылыну құбылысы Еуразия құрлығында қыстың қаһарын күшейте түседі.

АҚШ-тың Мұхиттық және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының мамандары Солтүстік жарты шарда мұз аумағының азаюы табиғи катаклизмге соқтырып отырғанын анықтады.
Олардың мәліметінше, биылғы маусым айында Арктикада мұз бен қар жабыны ауданы рекордтық төмен көрсеткішке жеткен. Мұхит беті температурасы күрт жоғарылап, өсімдік әлемі жанданған. Бірақ ғаламдық жылынудың әсері Еуразия құрлығы аумағында климаттық ауытқуға әкеліп отыр. Мамандардың айтуынша, бұдан былай құрлықтың солтүстік бөлігінде қаңтар-ақпан айларында қатты аяз ұзаққа созылады, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.