Жылыту маусымы басталғалы өрттен 12 адам көз жұмды - ТЖК
Руслан Иманқұлов келтірген мәліметке сүйенсек, жылыту маусымы басталғалы бері, яғни 15 қазан мен 2 қараша аралығында республика бойынша жеке тұрғын үй секторларында тіркелген өрт салдарынан 12 адам көз жұмды.
«2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тұрғын үй секторында қаза болғандар бойынша көрсеткіш 36 пайызға (2016 жылы 19 адам қайтыс болған), көмірқышқыл газымен улану салдарынан мерт болғандар бойынша жалпы көрсеткіш 4 есеге (2016 жылы 8 адам көз жұмды) төмендеді. Иіс тию жағдайы соңғы рет 2017 жылдың 6 қарашасында тіркелді. Онда қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 2 адам уланған. Оның біреуі оқиға орнында көз жұмды. Иіс тию бойынша қайғылы оқиғалардың бірі Семей қаласында, екіншісі СҚО Тайынша ауданы Тайынша қаласындағы жеке тұрғын үй аумағындағы моншада орын алды», - деп хабарлайды Руслан Иманқұлов.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті жылыту маусымы өрт пен көмірқышқыл газына уланы жағдайлары бойынша аса қауіпті кезең екенін ескертеді.
«Жылыту пештерін пайдалану қағидаларын бұзу - ыс тию сияқты қайғылы оқиғаларға әкеп соқтырады. Улы газдың шығуы жиі орын алатын себебі - пешті дұрыс пайдаланбау. Жылыту маусымы басталғаннан бері ТЖД қызметкерлері 2 179 821 үйді есепке алып, аулаларды аралау барысында 99 288 тұрғын үйді тексеріп шықты», - деді ресми өкіл.