Жылжымалы кешендер еліміздің шалғай ауылдарын аралап, тегін медициналық көмек көрсетеді
Қызан, Жынғылды, Басқұдык, 3-Маңғыстау ауылдарының тұрғындары тегін скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарының құрамында көз дәрігерлері, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевтер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар.
Осы күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қарағанды облысы Шет ауданының Кайрақты, Еркіндік, Жұмыскер ауылдарына барады. Медициналық көмекпен жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтар қамтылады.
17 тамызда жылжымалы медициналық кешендер Ақмола облысының Қорғалжын ауданына, 19 және 20 тамыз аралығында Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандарына барады. Кампания облыстың медицина ұйымдарының және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады.
Ал 19 тамызда жылжымалы медициналық кешендердің Қостанай облысының Қарасу ауданына шығуы жоспарлануда.
Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірлерінде «Денсаулық жолы-2015» кең көлемдегі акциясы өтіп жатқанын естеріңізге саламыз.