Жылжымайтын мүлік қоры 2010 жылы Астана қаласында 25 нысанды қаржыландырады
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қорының Жылжымайтын мүлік қоры 2010 жылы Астана қаласында жалпы сомасы - 104,7 млрд. теңге болатын 25 нысанды қаржыландыруды жоспарлап отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімшігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Осылайша, Қордың міндеттеме портфелі 197,8 млрд. теңгені құрайды. Бұл 10 мың 100 үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді», делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жылжымайтын мүлік қоры биыл бас-аяғы 16 мың 169 пәтер сатып алатын болады. Олардың 11 мың 488-і Астанадағы, 4 181-і Алматы мен Алматы облысындағы, 500-і Ақтау қаласындағы пәтерлер.