Жылжымайтын мүлік қоры елордалық «Ақжайық» және «Әл-Арқа» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерге өтініш қабылдаудың аяқталғанын хабарлады

АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы мен «Жылжымайтын мүлік менеджменті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, мамырдың 12-сінен бастап елордалық «Ақжайық» және «Әл-Арқа» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді жалға алуға және кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға алуға өтініш қабылдаудың аяқталғанын хабарлады.

Жылжымайтын мүлік  қоры  елордалық  «Ақжайық»  және  «Әл-Арқа»   тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерге   өтініш  қабылдаудың аяқталғанын   хабарлады

Соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 1130 өтініш тіркелген, оның 673-і - «Ақжайық» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерге, 457-сі «Әл-Арқа» кешеніндегі пәтерлерге беріліп отыр, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының баспасөз қызметінен.

Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қорының Тұрғын үй және коммерциялық (тұрғын емес) жайларды сатудың ережесіне сәйкес, өтініш берушілердің рейтингі мен пәтерлерді алдын ала бөлуге келу кезегі мамырдың 14-інде Қордың сайтында - www.kazproperty.kz - жарияланады.