Жылжымайтын мүлік құжаттарын электронды рәсімдеу тағы да жеңілдейді
«Мүлікті тіркеу бойынша қазір ешқандай қиындық жоқ. Бұрын оның азабы көп болатын. Қазір нотариуске барасыз, одан басқа ешқайда барудың қажеті жоқ. Осымен болды ғой деп ойлағанмын. Бірақ олай емес екен. Жылжымайтын мүлікті атыңа тіркеп болған соң бүкіл коммуналдық қызметтерді өз атыңызға аудару керек екен. Оның да өз азабы бар болып шықты»,- деді ол Астнада өтіп жатқан Стратегиялық бастамалар формуында.
Болашақта аталған процедураның бәрін бір мезетте рәсімдеу мүмкіндігі жасалмақ.
«Қазір біздің бағдарлама жасаушылар осы процедураны толықтай қайта форматтауды ойластырып жатыр. Яғни, үйді атыңызға аударған соң, оған көшіп, содан кейін ғана комуналдық қызметтерді рәсімдеу керек болған еді. Біз соның бәрін бір процедураға сыйғызсақ дейміз. Цифрлық мемлекетте осындай үдерістердің бәрі жеке адамның жағдайына ыңғайлы болатындай жүйеде жұмыс істеуі керек», - деді Бағдат Мусин.