«Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Астана филиалы басшысының орынбасары А.Жақанова пара алды деген күдікпен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Астана филиалы басшысының орынбасары А.Жақанова пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы Астана қалалық департаментінен мәлім етті.

«Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Астана филиалы басшысының орынбасары А.Жақанова пара алды деген күдікпен ұсталды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Астана филиалы басшысының орынбасары А.Жақанова, аталған филалдың маманы К.Джамартованы және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Астана қалалық филиалы жер учаскелерін рәсімдеу секторының бастығы Е.Жақыповты ұстады. Лауазымды тұлғалардың алдын ала ымыраласу арқылы жер теліміне мемлекеттік актіні рәсімдеп беру үшін жеке тұлғалардан 8 мың АҚШ доллары сомасына пара алғандығы белгілі болды. Сот алды тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.