Жылжымайтын мүлікті бір күннің ішінде тіркеуге болады

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бұдан былай жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжатты рәсімдегеннен кейін нотариус бірден сол жерде құқықтарды тіркеуге өтінім бере алады.
None
None

Бұл туралы электронды үкімет порталы хабарлап отыр.

Порталдың жазуынша, нотариус өтініш беруші туралы мәліметтердің үлгісін толтырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Әділет департаментіне жөнелтеді, сондай-ақ, өтінішті қабылдау және төлемнің сомасы туралы хабарламаны алады.

«Нотариус бірегей нөмірмен хабарламаны басып шығарып, оны өтініш берушіге береді. Осыдан кейін клиент электрондық үкімет порталында төлемді жүргізуі қажет. Ол үшін өтініш беруші порталда тіркеледі, ал электронды қолтаңбаның қажеті жоқ», - делінген хабарламада.

Сосын, Әділет департаментінің мамандары электрондық чекті алысымен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге кіріседі.

Нәтижесінде құқықты тіркеу туралы хабарлама нотариусқа, сондай-ақ өтініш берушінің электрондық мекенжайына беріледі.

Осылайша, бір жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жылжымайтын мүлікті сатып алу және оған құқықты тіркеуге болады.

Бүгінгі күні жылжымайтын мүлікке құқықты электрондық тіркеу қызметі Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді.

Бұл туралы http://www.egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/house/est_relation/passport/pass065_mu&lang=ru сілтемесінен, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша тәулік бойы call-орталықтың мамандарынан нақтырақ білуге болады.

Соңғы жаңалықтар