Жыңғылды-Шетпе күрежолында жол-көлік апатында үш адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыңғылды-Шетпе күрежолында жол-көлік апатында үш адам зардап шекті, деп хабарады Лада.kz порталы.
None
None

Жолдағы оқиға 28 қарашада Жыңғылды-Шетпе күрежолында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Daewoo Nexia автомашинасының 20 жастағы жүргізушісі жылдамдықты арттырып, машинаны басқара алмай бұрылыста жол жиегіне тіреліп, аударылды, деп хабарлады жол-торуыл қызметі.

Жол апаты салдарынан машина жүргізушісі ортан жіліктің ұршығын шығарып алды және басқа да жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ екі жолаушы зардап шекті, олар да елеулі жарақаттар алды. Барлығының да жасы 20-да. Олар Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылының тұрғындары.

Соңғы жаңалықтар