«Жыр дода» теле-айтысы жақында көрерменге жол тартпақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың наурыз айынан бастап «Жастар» телеарнасы мен kazaitys.kz cайтының бірлескен жобасы «Жыр дода» теле-айтысының бірінші маусымы қалың көрерменге жол тартпақ. Айтыс «Жастар» телеарнасынан көрсетілетін болады.
Аталмыш жобаға еліміздің кез-келген өңірінен 23 жасқа дейінгі айтыскер ақындар қатыса алады, деп хабарлайды kazaitys.kz .