«Жырлаймын еңбек адамын» республикалық акциясының номинанттары марапатталды

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астанада Қазақ ұлттық өнер университетінде «Жырлаймын еңбек адамын» атты республикалық акцияның номинанттары марапатталды.

«Жырлаймын еңбек адамын» республикалық акциясының номинанттары марапатталды

Айта кетейік, елдегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында жұмыс жасайтын еңбек адамының мәртебесін жоғарылату, еңбек әулетіне деген жастардың құрметін арттыру мақсатында «Қазақстанның азаматтық альянсы» және ҚР Кәсіподақ ұйымдарының федерациясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен аталмыш республикалық акцияны ұйымдастырған болатын. Шараға бірнеше аталым бойынша республиканың 200-ге тарта мекемесі қатысты. Бүгін оның қорытындысында ең үздік номинанттардың кәсіби жетістіктер көрмесі ашылды. Көрмеде акцияға қатысқан 60 еңбек адамының фотосуреттері мен биографиялық мәліметтері ұсынылып отыр. Экспозицияны тамашалауға Қазақстанның әр өңірлерінен қатысушылардың негізгі бөлігі келді. Олардың қатарында дәрігерлердің бірнеше буын әулеті, көп жылғы еңбек өтілі бар анестезиолог-реаниматолог дәрігер мен тракторшы да бар. Олардың барлығына дипломдар, естелік сыйлықтар табыс етілді.