Зидан мен Платини Қазақ футболының 100 жылдығына Семейге келеді

АСТАНА. 17 маусым. ҚазАқпарат - Қазақ жеріне Әлемнің даңқты футболшылары Зинедин Зидан мен Мишель Платини келеді. Еліміздің Семей өңіріне 1 тамыз күні келеді деп жоспарланған. Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойының арнайы қонағы болып, қазақ футболының жай-жапсарымен таныспақ. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп жазады «Аламан».

Зидан мен Платини Қазақ футболының 100 жылдығына Семейге келеді

Жоспарда басқа да Әлем футболының жарық жұлдыздарын шақыру бар. Әзірге аты аталған қос француз қазақ даласына міндетті түрде келмек.

Қазақ футболының 100 жылдығы Әлемдік деңгейде аталып өту керек. Міне, біз жұмыс жасап жатырмыз. Бұл сөзді ұйымдастыру алқасы айтты.