Зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін есепшот ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – Алматы облысында «БТА Банк» АҚ Талдықорған қалалық филиалының Текелі бөлімшесінде есеп айырысу шоты ашылды.
Зілзаладан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін оған ниет танытушылар ақша аудара алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық әкімдік қызметкерлері үндеуге алғашқы болып үн қосты және өздерінің бір күндік жалақыларын аударды.