Зілзаланың салдарынан 1 адам қаза болып, 320-дан астам адам түрлі жарақат алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері провинцияның әкімшілік орталығы -Куньмин қаласынан 200 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан Яоъань уезінде жергілікті уақыт 19:19-да болған (Астана уақыты бойынша 17.19-да). Жер сілкінісінің салдарынан бір адам қаза болған, 324 адам жараланған. 40 мыңдай нысан түрлі деңгейде зақымданған, оның 18 мыңдайы толық қираған.
Агенттіктің хабарлауынша, қираған үй-жайлардың көп болғанына қарамастан, зардап шеккен адамдардың салыстырмалы түрде аз болуы оқиға кезінде дихандардың егістік басында болуымен түсіндірілуде.
Зілзаладан зардап шеккендер үшін, олардың жалпы саны 1,2 миллионнан асады, жергілікті өкімет шатырлы қалашықтар ұйымдастыруда. Үйінділерді сарбаздар тазалап жатыр.
Соңғы 30 жылдағы ең қуатты - магнитудасы 8 балдық жер сілкінісі 2008 жылы мамырдың 12-сінде Қытайдың Сычуань провинциясында болған еді. Ресми мәліметтер бойынша, сол жолы 87 мың 150 адам өлді немесе із-түзсіз жоғалды, 374 адам жарақат алды, миллионнан астам адам баспанасыз қалды.