Зимбабве Қытайдан алған қарызын піл беріп өтеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Зимбабведе таңқаларлық оқиға орын алды. Жасы келген президент Роберт Мугабенің беделді әйелі Грейс Мугабе Қытайдан алған ескі қарызды 35 жас піл, 8 арыстан, 12 қорқау мен бір керік беріп өтеуді ойлап тапты. 

Зимбабве Қытайдан алған қарызын піл беріп өтеуде

Бұл қарыз 1998 жылы Зимбабве билігі Қытайдан қару-жарақ сатып алып, өз әскерлерін Конго Демократиялық Республикасының (КДР) президенті Лоран-Дезир Кабилаға көмек көрсету мақсатында пайда болған еді, деп жазады epochtimes.ru.

Зимбабве билігінің жабайы табиғат жануарларын тауар ретінде пайдаланғандарында тұрған ештеңе жоқ. Бұл осылай жасап жатқан жалғыз ел емес. Көптеген оңтүстікафрикалық мемлекеттер жабайы жануарларды шетелдік хайуанаттар бағына немесе сафари-бақтарға сатуда.