Зимбабведе әскери тікұшақ апатқа ұшырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зимбабведе Актур елді мекені маңында Әскери әуе күштерінің (ӘӘК) тікұшағы апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты және екеуі зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат iHarare порталына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Тікұшақ тура тұрғын үйдің үстіне құлаған, өкінішке орай апат салдарынан екі ұшқыш және техникалық маман мерт болды, сондай-ақ сол жерде жүрген бір бала қаза тапты», деген ӘӘК өкілінің сөзін келтіреді басылым.

Ведомствоның дерегінше, тағы бір бала мен оның анасын күйік шалып, ауруханаға жатқызылған.

Тікұшақ оқу-жаттығу жүргізу кезінде апатқа ұшырағаны хабарланады. Оқыс оқиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.


Соңғы жаңалықтар