Зимбабведе басына оқ тиген піл емделді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зимбабведе браконьерлер басынан атып жарақаттаған піл емделді, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.
Оны Mana Pools ұлттық қорығында ветеринарлар кезіктірген. Жануарлар дәрігерінің айтуынша, піл басында қалып қойған оқпен бір апта жүрген.
Аталмыш қорыққа піл сүйегі үшін браконьерлер жиі кіріп кетеді.
Доктор Лиза Марабинидің айтуынша, пілді алдымен дәрі-оқпен есінен тандырып, содан кейін мамандар жарақатын тазалап шыққан. Олар оқты жануардың амандығы үшін басында қалдыра тұруға шешім қабылдаған.
Жарақат алған пілдің жасы 25-те, оған әлі де медициналық күтім керек. Оның кеудесінде тағы бір жарақаты бар.