08:16, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Зимбабведе тырысқақ ауруынан 3600-дей адам қайтыс болды, тағы 60 мың адам ауырып жатыр
ХАРАРЕ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Зимбабведе тырысқақ эпидемиясы 3600-ден астам адамның өмірін қиды, тағы 60 мыңнан астам адам осынау қатерлі аурумен ауырып жатыр.
Халықаралық дәрігерлер тобы өкілдерінің хабарлауынша, бұл тырысқақ ауруының соңғы 14 жылда Африкада орын алып отырған ең үлкен эпидемиясы, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ассошиейтед пресс» агенттігіне сілтеме жасап. Дәрігерлердің айтуынша, індетке лас су мен елде денсаулықты қорғау және санитарлық гигиена қызметтерінің жұмыс істемеуі себеп болып отыр.