07:51, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Зимбабвенің вице-президенті жол апатына ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы айда тағайындалған Зимбабве вице-президенті Пелекезела Мпоко жол апатына ұшырады, бірақ зардап шеккен жоқ.
Бұл туралы полиция өкілі Чэрити Чарамба хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға сенбі күні Хараре астанасында көшеде жүк көлігі күтпеген жерде тоқтаған сәтте орын алған. Кортежді алып жүрген екі көлік бұрылып үлгерген, ал вице-президенттің автомобилі оған соғылған.
Бұдан бұрынырақ Зимбабве үкіметі басқа вице-президент Эмерсон Мнангагваның өміріне қастандық жасалмақшы болғанын мәлімдеген. Оның кабинетіне улы зат сеуіп кеткен. Бұдан сонда кірген саясаткердің хатшысы зардап шеккен болатын.