Зинедин Зидан бапкерлік жолын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Араб нәсілді белгілі франциялық футболшы Зинедин Зидан өзінің жаттықтырушылық мансабын Испанияның «Реал» (Мадрид) командасының жастар құрамын жаттықтырудан бастады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
None
None

Өкінішке қарай, Зидан тізгінін қолға ұстаған команда алғашқы ойынын испанның үшінші дивизонының бірінші турында «Атлетикоға» қарсы өткізіп, ұтылып қалды. Есеп 2:1.

Зидан өткен маусымда «Реалдың» бас жаттықтырушысы Карло Анчелоттидің көмекшісі болған еді. Биылғы маусымда резервтегі команданы қабылдап алды, деп жазады egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар