Зинедин Зидан «Реалдағы» бапкерлік қызметінен шеттетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 1998 жылғы әлем чемпионы Зинедин Зидан Мадридтің «Реал» жастар командасындағы баперлік жұмысынан шеттетілді, деп хабарлады Lenta.ru.

Зинедин Зидан «Реалдағы» бапкерлік қызметінен шеттетілді

Маман үш ай көлемінде жұмыс істей алмайды. Оған Зиданда қажетті деңгей лицензиясының болмауы себеп болған. Сол үшін Испания жаттықтырушыларының ұлттық қауымдастығы шағым түсірген.

Мадридтіктердің өкілдері формальды түрде «Кастальяны» Сантьяго Санчес жаттықтыратынын, ал Зидан оның ассистенті орнында екенін айтқан болатын. Алайда екеуі де өз қызметтерінен үш айға шеттетілді. Он күн ішінде «Реал» бұл шешімге аппеляциялық шағым жасай алады.

Зидан «Реалдың» жастар командасының тізгінен 2014 жылдың маусымында алған еді.