00:52, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Зиратта жасырылған 2 тонна марихуана табылды
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Мексика сарбаздары қорымдағы зираттардың біріне жасырылған 2 тоннадан астам марихуана тауып алды.

Бұл ақпаратты Agence France-Presse агенттігі елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Әскери шолғыншы тапқан зират Тамаулипас штатындағы Сьюдад-Камарго қаласының жанындағы ауылда орналасқан.
Жалпы салмағы 2241 келіні құрайтын есірткі 241 пакетке салынып, олар екі зираттың құлпытасының астына жасырылған.