Зиянды қалдықтарға мониторинг жасайтын жүйе іске қосылады – Мұрат Нұртілеу

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу зиянды қалдықтар саласында мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесін енгізу жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: t.me/aqorda_resmi

«Экологиялық кодекске қатысты тоқталсақ, біз бастапқыда қалдықтарды бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуді жоспарлап, 2023 жылдың 1 қаңтарынан зерттеу жұмыстарын бастадық. Алайда объективті себептерге байланысты Үкімет бұл жұмысты жүзеге асыруды желтоқсан айына дейін қалдырды. Біз бұл автоматты бақылау және тексеру жүйесін қанатқақты жоба ретінде енгізуге дайын боламыз. Ол мұнай мен газ, тау-кен және энергетика кәсіпорындарында болады», - деді Мұрат Нұртілеу

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордадағы Конгресс орталықта Астана халықаралық форумы жұмысын бастады.

Форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогіне арналған алаң болмақ.


Соңғы жаңалықтар