Зияткерлік марафонның мәдени-танымдық ауысымына Астанаға аймақтардан 140 бала шақырылды

АСТАНА.  Желтоқсанның   28-і. ҚазАқпарат -     Дарынды  балаларды, әсіресе ауылдық   жерлердегі  дарындарды анықтау  және     оларға қолдау көрсету   мақсатында      3-10 сынып оқушыларының арасында  дәстүрлі   «Ақбота»     республикалық    зияткерлік марафоны өтіп тұрады.     Және де Зияткерілк марафонның  қорытындысы  бойынша  жыл  сайын    мәдени-танымдық ауысым   өткізіледі.
None
None

Ағымдағы жылы еліміздің  барлық өңірінен  140 бала  Астанаға  шақырылды.   Мәдени-танымдық ауысым    желтоқсанның  23-і мен 29-ы аралығында, Жаңа жыл  мейрамы  қарсаңында  өтті,  деп  хабарлады «Дарын»  республикалық  ғылыми-тәжірибелік  орталығының баспасөз   қызметінен.

 Қатысушылар  үшін арнайы бағдарлама    әзірленді.  Көп оқушылар  Астанаға алғаш  рет келіп отырғандықтан,   олар  үшін   танысу   экскурсиялары   ұйымдастырылды.    Балалар  «Астана-Бәйтерек»  монументінде, Президенттік мәдениет орталығында,  «Думан»  ойын-сауық кешенінде  болды. 

 Олар сондай-ақ,     түрлі  конкурстар  мен  жарыстарға,  тренингтерге  белсенді  қатысты.    Мәдени-танымдық ауысымның   соңында     жаңажылдық шырша мерекесі  ұйымдастырылып,  балаларға сыйлықтар  және     сертификаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар